26 ақпан 2023 | 09:08

Александр Бублик Марсельдегі турнирдің финалына өте алмады

ktf.kz

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Марсельде (Франция) өткен ATP 250 турнирінің жартылай финалында жеңілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Марсельде (Франция) өткен ATP 250 турнирінің жартылай финалында жеңілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

25 ақпанда АТР рейтингінде 50-орында тұрған, Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик дүниежүзінің 11-ракеткасы поляк Губерт Хуркачпен ойнап, 4:6, 6:7 (4:7) есебімен жеңіліп қалды. Матч 1 сағат 35 минутқа созылды.

Айта кетейік, Бублик ширек финалда болгариялық теннисші, дүниежүзінің 25-ракеткасы Григор Димитровты сенсация жасап жеңген еді.

Реклама
Реклама

Қазақстандық үшін бұл бес айдағы алғашқы жартылай финал болды.

Бұған дейін Қазақстанның теннис бойынша ерлер құрамасы Дэвис Кубогының іріктеу кезеңінде жеңілді. Команда Чилиге қарсы ойнады. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бубликтің Кристиан Гаринге қарсы матчы шешуші болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная