ПОДЕЛИТЬСЯ
06 тамыз 2023 | 14:41
Александр Недовесов Аустриядағы турнирдің чемпиондық тұғырына көтеріле алмады
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Недовесов Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирінің финалында жеңіліс тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан теннис федарациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге соңғы бәсекеде жарыстың 1-ракеткалары, аустриялықтар Александр Эрлер – Лукас Мидлермен кездесті.
Аустриялық дуэт 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетіп, чемпиондық тұғырға көтерілді.
1 сағат 20 минутқа созылған бәсеке барысында Недовесов пен Эскобар 5 эйс жасап, өкінішке қарай, 3 брейк-пойнтты пайдалана алмады. Қарсыластарына 3 эйс, 2 брейк (12 брейк-пойнт) жеткілікті болды.
Қазіргі кезде Недовесов әлемдік рейтингіде 45-тен бір саты жоғарылап тұр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также