ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 17 маусым 2023 09:06
Александр Недовесов Нидерландтағы турнирдің финалына шықты
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Хертогенбос (Нидерланд) ATP 250 турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жартылай финалда аустралиялықтар Алекс Де Минаур - Джордан Томпсонмен ойнауы керек еді.
Алайда қарсыластары белгісіз себептермен матчқа бармаған.
Қазақстандық-эквадорлық жұп финалда жарыстың бірінші ракеткалары, нидерландылық Уэсли Колхоф - ұлыбританиялық Нил Скупскимен бас жүлдені сарапқа салады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу