19 мамыр 2024 16:16

Александр Усик абсолют чемпион атанды

Championat.kz

Александр Усик Тайсон Фьюриді жеңіп, ауыр салмақтағы абсолют әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Championat басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Александр Усик Тайсон Фьюриді жеңіп, ауыр салмақтағы абсолют әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Championat басылымына сілтеме жасап.

Жекпе-жек 12 раундқа созылды.

Еске салайық, тоғызыншы раундта Усик Фьюриді нокдаунға түсіргенімен, ұлыбританиялық жекпе-жекті жалғастыра алды. Осылайша Усик XXI ғасырдағы бірінші ауыр салмақтағы абсолют әлем чемпионы атанды.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Фьюри мансабында 35 жекпе-жек өткізіп, оның 34-інде жеңіске жеткен (24 нокаут). Сондай-ақ, бір рет тең түсті. Усик өз кезегінде осы жекпе-жекке дейін мансабында 21 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Алдыңғы жекпе-жегінде Усик 2023 жылғы тамызда ұлыбританиялық Дэниел Дюбуаны жеңді. Фьюри Фрэнсис Нганнуды алдыңғы жекпе-жегінде, 2023 жылғы қазанда жеңді.

Сауд Арабиясымен жасалған келісімшартқа сәйкес Усик пен Фьюри биылдың екінші жартысында реванш өткізеді, бірақ IBF титулынсыз.

IBF белбеуі қыркүйекте Энтони Джошуа мен маусым айындағы Дэниел Дюбуа (Ұлыбритания) мен Филип Хргович (Хорватия) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы арасында сарапқа салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram