ПОДЕЛИТЬСЯ
22 наурыз 2023 | 15:18
Әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентек Астанаға келеді
14-15 сәуірде Астанадағы ұлттық теннис орталығында Қазақстан құрамасы "Билли Жан Кинг кубогының" командалар арасындағы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Польша құрамасымен ойнайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
14-15 сәуірде Астанадағы ұлттық теннис орталығында Қазақстан құрамасы "Билли Жан Кинг кубогының" командалар арасындағы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Польша құрамасымен ойнайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Польша құрамасы сапында мықты теннисшілер өнер көрсетеді. Қазақстанға қарсы ойынға команда капитаны Давид Кельт келесі ойыншыларды таңдады: "Үлкен дулыға" турнирінің үш дүркін чемпионы Ига Швентек (жекелей рейтинг, WTA, 1-ракетка), Магда Линетт (жекелей рейтинг, WTA, 19-ракетка), Магдалена Фрехт (жекелей рейтинг, WTA, 105-ракетка), Алисия Росольская (жұптық рейтинг, WTA, 39-ракетка), Вероника Фальковская (жұптық рейтинг, WTA, 92-ракетка).
Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Ярослава Шведова бастаған бапкерлер штабы дүниежүзінің 7-ракеткасы Елена Рыбакинамен бірге бірнеше ойыншыны таңдап алған.
Қазақстан намысын сонымен бірге дүниежүзінің 42-ракеткасы Юлия Путинцева, жұптық сында рейтингіде 25-орында тұрған Анна Данилина, Гөзал Айнитдинова (жекелей рейтинг, WTA, 333-ракетка), Жанель Рүстемова (жұптық рейтинг, WTA, 973) қорғайды.
Қосымша ойыншы - Аружан Сағындықова (жекелей рейтинг, WTA, 968).
Еске салайық, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі турнирдің жартылай финалында әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентекті жеңіп, АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты. Ол финалда беларусь теннисші Арина Соболенконы ұтып, турнирдің чемпионы атанды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также