13 сәуір 2024 12:08

Алматы әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды

Фото:depositphotos.com

Алматы әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

11 сәуірде Внуково-Алматы бағытындағы рейсі ұшып келгеннен кейін көлік полицейлері ҰҚК шекара қызметі қызметкерлерімен бірлесіп, Ресей Федерациясының 32 жастағы тұрғынын ұстады.

Ер адамға 2023 жылғы қыркүйекте Тәжікстан Республикасының азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды қарулы құрамдарға, қарулы қақтығыстарға немесе басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдарға заңсыз тартқаны және қатысқаны үшін мемлекетаралық іздеу жарияланған.

Реклама
Реклама

Қазір ұсталған ер адам УҰИ-ға қамалды. Оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram