14 сәуір 2022 08:44

Алматы ауруханасындағы тастанды бала әкесіне қайтарылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Алматы ауруханаларының біріндегі екі жасар тастанды сәби әкесіне қайтарылды. Бұл туралы Медеу ауданының қорғаншылық және қамқоршылық органдары айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы ауруханаларының біріндегі екі жасар тастанды сәби әкесіне қайтарылды. Бұл туралы Медеу ауданының қорғаншылық және қамқоршылық органдары айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, әкесі қажет құжаттарды ұсынғаннан кейін, 17 наурызда бала туыстарына берілген. 

"Әкесі екенін дәлелдейтін құжаттарды көрсетті. Сондықтан қамқоршылық және қорғаншылық органдары баланы әкесіне тапсырды", - деді Алматы қаласы Білім басқармасының қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің басшысы Жанна Тасирова.

Реклама
Реклама

Еске салайық, екі жасар бала ұзақ уақыт Алматы ауруханаларының бірінде болған еді. Былтыр қыркүйектен бастап биыл ақпанның басына дейін бұл дерек айтылмаған. Бірақ кейінірек бұл жағдай әлеуметтік желілерде жарияланды, сөйтіп ол қоғамдық резонанс тудырды.

Деректерге сай, бала 22 қыркүйекте Asia Park СОО маңынан табылған. Сонымен қатар, оның қасында өзін баланың әкесімін деп таныстырған ер адам болған. Оның айтуынша, олар Жамбыл облысының Мерке ауылынан келген және баласымен бірге тұратын жері болмаған. Ер адам анасы баланы тастап, белгісіз бағытта кетіп қалғанын, балаға құжаттар жасамағанын айтқан еді.

Полицейлер баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрғасын, оны ауруханаға жеткізген. Тексерістен кейін 37 жастағы ер адам бала ауруханада жатқан кезде құжаттар жасап, баспана табуға уәде берді. Алайда осыдан кейін ер адам жоғалып кеткен.

Әлеуметтік желілердегі айқай-шудан кейін әкесі болуы мүмкін ер адам қайта пайда болған. Сондай-ақ, тастанды баланың әжесі болуы мүмкін адам табылған. Кейінірек бала әкесіне берілетіні белгілі болды.

Алматы ауруханасындағы 2 жасар тастанды сәби балалар үйіне ауыстырылды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram