03 маусым 2023 09:56

Алматы облысында 12 миллион теңгенің жылқы табыны тікұшақпен іздестірілді

видеодан алынған кадр

Алматы облысында жоғалып кетті делінген 12 миллион теңге тұратын жылқы табыны тікұшақпен іздестірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жоғалып кетті делінген 12 миллион теңге тұратын жылқы табыны тікұшақпен іздестірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

31 мамырда Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасына 1969 жылы туған азамат Ж., белгісіз біреулер жайылымнан 28 бас жылқыны ұрлап кеткенін айтып арызданған. Келтірілген шығын көлемі - 12 миллион теңге.

"Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 4-бөлігі "Мал ұрлау" бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жоғалған мал "КазАвиаСпас" тікұшағының көмегімен табылды. Малды ұрламаған, жайылып тауға кеткен", - деп хабарлады полиция.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram