Алматы облысында 18 жастағы жүргізуші төрт адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

фото: polisia.kz

Алматы облысында 18 жастағы жүргізуші төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті деген күдікке ілінді. Апат салдарынан 16 жастағы қыз көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

Қайғылы оқиға Есік қаласында 14 қарашада болған. Жүргізуші жол апатынан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

"Жол апаты салдарынан 16 жастағы қыз 15 қараша күні таңертең алған жарақаттарынан қайтыс болды", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 18 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама