Алматы облысында арнайы операция жүргізілді

Видео кадры

Алматы облысында Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жасырын есірткі зертханасының жұмысын әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысында Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жасырын есірткі зертханасының жұмысын әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, Шу қаласынан Алматы облысына "бақыланатын жеткізу" әдісімен жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде Қарасай ауданының "Тұрар бақшасы" елді мекенінде жасырын есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды.

Операция барысында көрші мемлекеттің екі азаматы ұсталды. Тергеу деректеріне сәйкес, олар синтетикалық есірткі өндіріп, таратумен айналысқан.

Реклама
Реклама

"Заңсыз айналымнан 11 килограмнан аса "мефедрон" синтетикалық есірткісі тәркіленді. Бұл қара нарыққа 1,6 миллион доллар тұратын 35 мыңға жуық бір реттік дозаның түсуіне жол бермеді", – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейрхан.

Зертханаға жүргізілген тінту кезінде 20 литр және 115 келі психотроп заттар, сондай-ақ, екі тоннадан аса прекурсор табылды. Құқық қорғау органдарының бағалауынша, осы шикізаттан тағы 120 келі синтетикалық есірткі өндірілмек болған.

Осылайша көлеңкелі есірткі нарығына келтірілген жалпы залал 17,5 миллион долларға бағаланып отыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама