Алматы облысында әйел Маралсай шатқалынан құлап кеткен

ile-alatau.kz

Алматы облысы Талғар ауданындағы Маралсай шатқалынан құлап кеткен әйелді ТЖМ әскери қызметкерлері тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы Талғар ауданындағы Маралсай шатқалынан құлап кеткен әйелді ТЖМ әскери қызметкерлері тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

28237 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында механикаландырылған патруль бағытымен жүріп келе жатқан кезде шатқалдан көмекке мұқтаж әйелді байқаған.

"Патрульдеу кезінде көмекке мұқтаж адам анықталды. 1986 жылы туған азаматша абайсызда құздан құлап кетіп, өздігінен шыға алмаған. Кезекші нарядтың күшімен зардап шеккен әйел қиын жерден дереу шығарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды", – деп мәлімдеді ТЖМ.

Реклама
Реклама

Құтқарушылар ықтимал ауыр зардаптардың алдын алғанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама