Алматы облысында бүтін бір отбасы өлі табылды

Алматы облысында бүтін бір отбасы өлі табылды Фото © Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев

Алматы облысында бүтін бір отбасы өлі табылды. Бұл ақпаратты облыстық ТЖД растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысында бүтін бір отбасы өлі табылды. Бұл ақпаратты облыстық ТЖД растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның мән-жайы

Қайғылы оқиға Райымбек ауданындағы Сарыбастау ауылында болған. Әлеуметтік желіде қаза тапқандардың арасында 1955 және 1974 жылы туған екі ер адам, 1984 жылғы әйел және бір жарым жастағы қыз бала бар екені жазылды. Сондай-ақ, отбасы қыстауда тұрғаны айтылған.

Реклама
Реклама

ТЖД-ның ресми мәлімдемесі

Алматы облыстық ТЖД дерегінше, Сарыбастау ауылындағы шаруа қожалығы аумағында болған оқиға туралы хабар 2 ақпанда түскен.

"Жеке тұрғын үйден туысы төрт адамның мәйітін тапты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Өлім себептерін нақтылау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деп мәлімдеді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына Алматы облыстық ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ, полиция департаментінің қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар барған. Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама