Алматы облысында иттер 52 жастағы әйелді талап тастады

Алматы облысында иттер 52 жастағы әйелді талап тастады Видео кадры

Әлеуметтік желілерде Алматы облысының Қарасай ауданында бір топ иттің әйелді талап жатқан сәті түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Алматы облысының Қарасай ауданында бір топ иттің әйелді талап жатқан сәті түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 17 ақпанда Қарасай ауданына қарасты Ұмтыл ауылдық округінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 52 жастағы әйелді бір үйдің ауласында иттер үйірі талаған. Зардап шеккен азаматша көптеген жарақат алып, оған медициналық көмек көрсетілді.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. Қазір соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдері жұмыс істеп жүр.

Реклама
Реклама

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, процестік тексеру жүргізіледі.

Полиция 60 жастағы күдіктіні анықтады. Ол иттердің иесі болып шыққан. Мәліметке сәйкес, жәбірленушінің көршісі өз үйінің аумағында 20-25 ит ұстаған. Ер адам Қарасай аудандық полиция басқармасына жеткізіліп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ол заңда белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке де тартылған.

Жануарларды аулаумен айналысатын мердігер ұйым - жеке кәсіпкер Әбдіқалов. Қазір көрсетілген мекенжайда бұралқы иттерді аулау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама