Алматы облысында қарасора плантациясы анықталды

Фото:depositphotos.com

Алматы облысында аумағы 6 гектар қарасора алқабы анықталды, бұл бірнеше футбол алаңына тең, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Алматы облысында аумағы 6 гектар қарасора алқабы анықталды, бұл бірнеше футбол алаңына тең, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, марихуана алқабы Райымбек ауданына қарасты Қызылшекара ауылында табылған.

"6 гектар аумақта жабайы қарасора алқабы анықталып, арнайы техника көмегімен жойылды. Бұл операция есірткі құралдарының таралуына жол бермеу және аудандағы есірткі ахуалын бақылауды күшейту мақсатында жүргізілді", – деп мәлімдеді прокуратура.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Қазақстанда өнеркәсіптік мақсатта қарасора өсіруге рұқсат етілетіні хабарланған болатын. Мәжіліс тиісті заң жобасын сәуірде бірінші оқылымда мақұлдаған. Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл комитеті кәсіпкерлерге 4 лицензия берген. ІІМ өкілдері халықты алаңдамауға шақырып, құрамында тетрагидроканнабинол мөлшері төмен қарасораның марихуанадан айырмашылығы бар екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама