ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 02 қараша 2025 10:16
Алматы облысында қазанда жоғалған жігіт өлі табылды
Алматы облысында қазанның ортасында жоғалған жігіт өлі табылды. Бұл туралы Lider.kz Instagram-парақшасында бегілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еріктілердің мәліметінше, 1990 жылы туған Тасқұлов Абдусалам Абдурахманұлы 14 қазанда жоғалып кеткен. Шамамен 22:30-де Қарасай ауданындағы "Асыл Арман" шағынауданынан шығып, қайта оралмаған.
Жоғалған ер адам 30 қазанда табылды, денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Қайғылы жағдайдың өзге мән-жайы нақтыланған жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу