Алматы облысында үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Видео кадры / Алматы облысы полиция департаменті

Алматы облысында сенбі күні үш көлік көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысында сенбі күні үш көлік көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты Жамбыл ауданында, Алматы - Бесмойнақ тасжолының 77-шақырымында болған. Үш көлік соқтығыстып, салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі ауыр жарақат алды.

"Mercedes Benz 280 жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Ford Focus автокөлігімен, содан кейін инерция бойынша ВАЗ-2114 көлігімен соқтығысты. Жол апатының салдарынан Ford Focus жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Түрлі жарақат алған екі жолаушы аудандық ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама