Алматы облысындағы “Нарынқол“ шекара заставасында әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты

"Нарынқол". "Хабар" телеарнасының кадры

Алматы облысындағы "Нарынқол" шекара заставасының аумағында болған өрт салдарынан әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2025 жылғы 6 желтоқсанда Алматы облысындағы "Нарынқол" шекара заставасының аумағындағы қызметтік үйде өрт шықты. Өрт ТЖД күштерімен сөндірілді. Төтенше жағдайдың салдарынан әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды", – делінген хабарламада.

Шекара қызметі қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оларға қажет барлық көмек көрсетіліп жатыр.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама