Алматыда 48 жастағы ер адам “Денсаулық баспалдағында“ жарақат алды

Сұлу Бөлек Корреспондент
ТЖМ

Алматыда ер адам "Денсаулық баспалдағында" жарақат алды. Оған ТЖМ қызметкерлері көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда ер адам "Денсаулық баспалдағында" жарақат алды. Оған ТЖМ қызметкерлері көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жарақат алған ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті.

"Оқиға түнде "Медеу" баспалдағында болды. Куәгерлер басын жарақаттаған ер адамды байқап, "112" нөміріне хабар берген. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, 1977 жылы туған азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны АМО бригадасына тапсырды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Төтенше жағдайлар министрлігі қоғамдық орындарда, әсіресе қараңғы уақытта, қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңызын еске салды.

Бұған дейін Ақмола облысындағы Көкшетауда турист әйел жарақат алып, бағытынан адасқан еді. Оған құтқарушылар көмектесті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама