ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 24 қараша 2024 13:34
Алматыда адамдар аспалы жолда тұрып қалды
Алматы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының аспалы жолында тұрып қалған адамдарды эвакуациялаған сәттің кадрларын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқу-жаттығуларға барлығы 260 адам мен 77 техника жұмылдырылған.
"Жаттығудың жоспарына сәйкес, электр қуаты апатты жағдайда сөніп қалған кезде аспалы жолдың да жұмысы тоқтап қалды. Біз адамдарды фуникулерден құтқардық, - деді Алматы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу