Алматыда алаяқтардың call-орталығы жойылды - ІІМ

Фото: видео кадры

Алматыда полиция қызметкерлері сall-орталықты жойды. Күдіктілер көрші мемлекеттің азаматтарын криптовалюта мен қор нарығына инвестиция салуға шақырып, алдаумен айналысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұсталған 24 күдіктінің бесеуі шетелдік азамат екені белгілі болды.

Кеңседе 55 компьютер, 6 ноутбук, 30 ұялы телефон, көрші мемлекет азаматтарының деректері, әртүрлі нұсқаулар жазылған блокноттар табылып, тәркіленді.

Реклама
Реклама

"Call-орталық жұмысшыларының міндетіне крипто-инвестиция салғысы келетін адамдарды іздеп, оларды алдап-арбаумен айналысу кірген. Ауыспалы нөмірлер арқылы жәбірленушілермен байланыс орнатылып, кейін оларға фишингтік сайттарға сілтемелер жіберілген. Осылайша адамдар туралы дербес деректер жиналған" деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Қаныш Ашжанов.

Кейін алаяқтардың ықпалымен азаматтар өз қаражаттарын крипто-әмияндарға жіберген. Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама