Алматыда алаяқтарға алданған қария көшеде көз жұмды

Алматыда алаяқтарға алданған қария көшеде көз жұмды Туыстары ұсынған сурет

Алматыдағы зейнеткер алаяқтардың арбауына түсіп, оларға қомақты ақша аударған. Сол күні кешке ер адам жедел жәрдем келгенше көшеде қайтыс болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы зейнеткер алаяқтардың арбауына түсіп, оларға қомақты ақша аударған. Сол күні кешке ер адам жедел жәрдем келгенше көшеде қайтыс болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Марқұмның туыстарының айтуынша, ол 21 наурызда таңертең базарға барған және сол жерде алаяқтардың арбауына түсуі мүмкін. Туыстарының болжамынша, белгісіз адамдар оны қала ішінде түрлі банкоматтарға апарып жүрген. Соның салдарынан қария сегіз адамның есепшотына шамамен 4 миллион теңге аударған.

Қайтыс болған кісінің немересі өз үндеуінде атасының қоңырауларға жауап бермегенін, алайда кезекті қоңырауға бейтаныс ер адам жауап беріп, кейін телефонды атасына бергенін айтты. Оның сөзінше, арғы жақтан бөгде дауыстар естілген.

Реклама
Реклама

Соңғы сөйлесу кезінде зейнеткер аялдамаға қарай бара жатқанын айтып, алаяқтарға тап болғанын растаған. Сол сәтте оның жағдайы күрт нашарлап, көшеде құлап қалған. Куәгерлер алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырғанымен, ер адам дәрігерлер келгенге дейін көз жұмды.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Қазір күдіктілердің жеке басын анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу шараларының кешені жүргізіліп жатыр", - делінген Алматы полициясының хабарламасында.

Қыз атасына көмектесуге тырысқан барлық адамға алғысын айтып, осы оқиғаға қатысты қандай да бір мәлімет көрген немесе білетін жандардан хабар беруін сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама