Алматыда автобустың өртеніп жатқан сәті видеоға түсіп қалды

Сұлу Бөлек Корреспондент
Видео кадры

5 шілдеде Алматыда Бостандық ауданына қарасты Ерменсай шағынауданында жолаушылар автобусы өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5 шілдеде Алматыда Бостандық ауданына қарасты Ерменсай шағынауданында жолаушылар автобусы өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, №64 бағыттағы автобус шамамен сағат 11:19 кезінде тұтанған. Өрт шыққан сәтте автобустың ішінде жолаушылар болмаған. Өртсөндірушілер жеткенше көлік өртеніп жатқан.

"Сағат 11:30-да өрт толықтай сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", – деп мәлімдеді қалалық ТЖД.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Астанада Мәңгілік ел даңғылы бойындағы ғимараттардың бірінде ірі өрт болған еді. Оқиға сәті видеоға түсіп қалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама