ПОДЕЛИТЬСЯ
27 сәуір 2024 | 14:19
Алматыда бұзақылық жасаған футбол жанкүйерлері жауапқа тартылды
Полицейлер Алматыда әдепсіз сөз айтып, қоғамдық орындарды ластаған футбол жанкүйерлерін жауапқа тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Полицейлер Алматыда әдепсіз сөз айтып, қоғамдық орындарды ластаған футбол жанкүйерлерін жауапқа тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Сондай-ақ, ұсақ бұзақылық, спорттық іс-шараларда өзін-өзі ұстау ережелерін бұзу, қоғамдық орында алкоголь ішімдіктерді ішу бойынша құқықбұзушыларға әкімшілік шара қолданылды", - деді ведомство басшысы, ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.
Әлекешев мұндай әрекет тек "футбол жанкүйерлерінің" институтына ғана емес, бүкіл елдің имиджіне нұқсан келтіретінін атап өтті.
"Командаларыңызға жанкүйер болып , оларға эмоционал түрде қолдау көрсетуге болады және керек, тек бәрі заң аясында болуы қажет. Өз мінез-құлқыңызбен қарсыластарыңызды немесе қарапайым азаматтарды ренжітпей-ақ", - деді құқық қорғау органының өкілі.
Сондай-ақ, басқарма басшысы "заң баршаға бірдей" деген қағиданы сақтау керегін еске салды: "Қоғамдық тәртіпті бұзатын әрбір заңсыз әрекет міндетті түрде жауапкершілікке әкеп соғады.
Бұған дейін "Ақтөбе" футбол клубының жанкүйерлері Алматы метросында шоу ұйымдастырған болатын. Жанкүйерлердің қалың тобы айқайлап, секіріп, метродағы өткелді жауып тастады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также