Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды

Айжан Калиева Корреспондент
Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды Polisia.kz

Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне жалған билет сатты деген күдікпен ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне жалған билет сатты деген күдікпен ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласы ПД-ның киберқылмыстарға қарсы күрес басқармасы, Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, өткен жексенбіде өткен Дженнифер Лопестің концертіне жалған билеттер сату дерегі бойынша күдікті ер адамды ұстады.

Тергеу барысында күдіктінің интернет-платформалардың бірінде хабарландыру жариялап, концертке екі жалған билет сатқандығы белгілі болды.

Жарнама
Жарнама

"Заң мен тәртіп” қағидаты бізден мұндай деректерге жедел әрекет етуді талап етеді. Азаматтардың ақшасын алдау жолымен иемденуге тырысқан адамдар анықталып, жауапкершілікке тартылатын болады. Осындай жағдайларға тап болмас үшін билеттерді тек ресми сайттардан немесе сенімді кассалардан сатып алуды қатаң түрде ұсынамыз", – деді Алматы қаласы ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев.

Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама