ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қараша 2021 | 13:51
Алматыда жаңа "омикрон" штамы тіркелуі мүмкін бе?
Санитарлық дәрігерлер Алматыда "омикрон" коронавирусының жаңа штамының пайда болу ықтималдығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Санитарлық дәрігерлер Алматыда "омикрон" коронавирусының жаңа штамының пайда болу ықтималдығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Эпидемиологтардың айтуынша, Алматыда "омикрон" штамының таралу қаупі бар. Бұған осыған дейін COVID-19 штамдарының "негізінен ауа-тамшы механизмінен" таралатынын анықтаған зерттеу дәлел.
"Алдыңғы тәжірибе көрсеткендей, коронавирустың жаңадан анықталған штамдары, әуе тамшыларын беру механизмінен таралады, демек, вирус шыққан елден басқа елдерге таралатыны сөзсіз. Сондықтан Алматыда жаңа "омикрон" штамының пайда болу қаупі бар", - деді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов.
"Омикрон" штамы туралы алғашқылардың бірі болып ол туралы Daily Mail газеті 24 қарашада жазған. Басылым сол кезде Ботсвана, ОАР мен Гонконгта коронавирустың жаңа штамы табылғанын, ол бұрынғылардан, тіпті, "дельтадан" да қауіпті екенін хабарлаған.
Ұлыбританиялық вирусологтардың пікірінше, жаңа штамм көптеген мутацияға ұшырауына байланысты адамға өте қауіпті. Лондондық Импер колледжінің өкілі Том Пикоктың айтуынша, басында B.1.1.529 деп аталған штамм "қорқынышты" 32 мутацияны біріктірген, соның комбинациясынан кейін бұл штамм адамға көбірек тарайды. Оған вакцина да қауқарсыз. Бұл нұсқа антиденеден "айналып өте" алады.
Мамандар В.1.1.529 иммундық жүйесі әлсіреген адамда, мысалы, АҚТҚ немесе ЖҚТБ-мен ауыратын науқаста пайда болуы мүмкін деп болжады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также