ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 30 тамыз 2024 13:55
Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Алматыда Қалдаяқов көшесінің учаскелері жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
29 тамыз 23:00-ден 31 тамыз 11:00-ге дейін Мақатаев көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аумақта көлік қозғалысы шектелді.
Ал бүгін, 30 тамыз сағат 23:00-ден 1 қыркүйек күні сағат 11:00-ге дейін Төле би көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейінгі аумақта көлік қозғалысы шектеледі.
Жол жөндеу жұмыстары кезінде Зенков, Ришат және Муслим Абдуллин көшелері бойымен айналма жол қарастырылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу