Алматыда қылмыстық топ мүшелері 16 жылға сотталды

Алматыда қылмыстық топ мүшелері 16 жылға сотталды polisia.kz

Алматыда үш бірдей жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырған қылмыстық топ мүшелеріне сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала прокуратурасына сілтеме жасап.

Алматыда үш бірдей жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырған қылмыстық топ мүшелеріне сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала прокуратурасына сілтеме жасап.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, Алматының Медеу ауданы прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде психотроп заттарды заңсыз дайындап, таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатқан.

"Ұйымдастырушы Алматыдағы жеке тұрғын үйлерде жабдықталған үш жасырын есірткі зертханасын қамтамасыз еткен тұрақты қылмыстық топқа басшылық еткен. Зертханаларда күн сайы психотроп заттар өндірілген", – деп хабарлады прокуратура.

Реклама
Реклама

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның қызметі тоқтатылып, 7 адам ұсталды. Заңсыз айналымнан психотроп заттар, оның ішінде мефедрон да тәркіленді.

Соталды тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық топтың ұйымдастырушысы халықаралық іздеуге жарияланған.

Ал қылмыстық топтың қалған мүшелері сот үкімімен кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама