29 ақпан 2020 | 12:52

Алматыда митинг өтіп жатыр

© Tengrinews.kz

Алматыда Махатма Ганди атындағы саябағында тығыз орналасатын құрылысқа қарсы митинг басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Махатма Ганди атындағы саябағында тығыз орналасатын құрылысқа қарсы митинг басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қала тұрғындары 11:00-де плакат ұстап Ганди атындағы ескерткіштің алдында жиналды. 

Реклама
Реклама

Митинг ұйымдастырушыларының бірі Абай Ерекеновтің айтуынша, 2019 қазанда Алматыда 36 нысан тығыз орналасатын құрылыс болған, қазір 70-ке жеткен. 

"Кез келген бағамен кез келген бос жерге көп қабатты үйлер салуға тырысады. Бұл мүлде заңсыз. Қазақстан Конституциясының 16 бабы бұзылып, оның ішінде біздің өмір сүру мен денсаулыққа деген құқығымыз бұзылып отыр", - деді Абай Ерекенов.

Ол тығыз орналасатын құрылыс күшті жер сілкінісі кезінде адамдардың қаза болуына себеп болуы мүмкін екенін атап өтті.

Митингіге шыққандар мұндай құрылыс салуға мораторий енгізуді, сондай-ақ барлық саябақтар мен скверлерді мемлекеттік меншікке қайтаруды талап етеді. Сондай-ақ, олар тығыз орналасатын құрылыс әрбір нысанын тексеруді және бұзушылықтар анықталған жағдайда қылмыстық іс жүргізуді талап етті. 

© Tengrinews.kz

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная