Алматыда оқушылардың тамағына бөлінетін қаржыны көбейту ұсынылды

Алматыда оқушылардың тамағына бөлінетін қаржыны көбейту ұсынылды Видео кадры

Алматыда мемлекеттік мектептердегі тамақтану құнын көтеру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда мемлекеттік мектептердегі тамақтану құнын көтеру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қазір бастауыш сыныптың бір оқушысына күніне 700 теңгеге де жетпейтін қаражат бөлінеді. Мамандардың бағалауынша, бұл сома жалақыны, коммуналдық қызметтерді және басқа да шығындарды есептемегенде, азық-түлікке ғана жетеді.

Бұдан бөлек, жаңа ережелер жеткізушілерден мәзірді, порция көлемін, тіпті логистиканы қайта қарауды талап етеді. Бұл сапа мен қауіпсіздіктің барлық нормасын сақтау үшін қажет.

Реклама
Реклама

Мұндай бастама мәслихат депутаттары, білім басқармасының өкілдері, ата-аналар қауымдастығы және салалық мамандар қатысқан ведомствоаралық топ ұйымдастырған асханаларды мониторингтеу барысында айтылды.

"Біз тек заң аясында, барлық регламент пен нормативке сай әрекет еттік. Атап айтқанда, №16 бұйрық талаптарына және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет нормаларына сәйкес мәзірді әзірледік. Екіншіден, санитарлық азық-түлік қауіпсіздігінің барлық талабына сай пластик емес, шыны ыдыстарға тапсырыс бердік", - деді ата-аналар комитетінің мүшесі Альмира Орлова.

"Неге әженің тамағы дәмдірек болады? Өйткені ол дастарқанға бірден ыстық күйінде қойылады, солай емес пе? Ал мұнда ас алдын ала дайындалады, тасымалданады, сосын қайтадан жылыту керек. Егер дайын тағамды ыдысқа салу кезінде, әсіресе қақпағын жабу барысында талап сақталмаса, сондай-ақ тиісті температура ұсталмаса, мысалы, ыстық тағам салқындап кетсе, онда оны қайта қыздырғанда улану қаупі артады", - деді Алматы қалалық мектеп тамақтануы қауымдастығының президенті Гүлнәр Мамаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама