Алматыда "Береке" базары сүрілді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мән-жай
Алматының Қалалық жоспарлау және урбанистика бақылау басқармасы мән-жайды нақтылады. Әңгіме Гоголь көшесі, 173 мекенжайында орналасқан базар туралы болып отыр.
"Меншік иесі сауда орындарын рұқсатсыз салған. Жоспардан тыс тексеру нәтижесі бойынша оған қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді", - деп хабарлады басқармадан.
Сот
Ведомствоның нақтылауынша, нұсқама талаптары орындалмағандықтан, басқарма заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап-арызды мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа жолдады.
Сот өздігімен салынған сауда орындарын бұзу туралы шешім қабылдап, кейін бұл шешім орындау үшін Әділет департаментіне жіберілді.
Меншік иесі бірінші сатылы сот шешімін орындау мақсатында нысанды өз еркімен сүрді.
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тағы оқыңыз: "Алтын Ордада" бағаны кім өсірді? Тексеру қорытындысы жарияланды