Алматыда түнгі клуб қоғамға жат әрекеттерге қатысты жабылды

Алматыда түнгі клуб қоғамға жат әрекеттерге қатысты жабылды Видео кадры

Алматыда кәмелетке толмағанды қоғамға жат әрекеттерге тарту дерегіне байланысты түнгі клубтың қызметі уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда кәмелетке толмағанды қоғамға жат әрекеттерге тарту дерегіне байланысты түнгі клубтың қызметі уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицияның мәліметінше, тексеру шаралары мен түскен материалдарды талдау барысында түнгі мекемеде жасөспірімнің болғаны және оның құқыққа қайшы әрекеттерге тартылғаны расталған.

Құқық қорғау органдары бұл жайт бойынша қажет материалдар мен дәлелдер жиналғанын атап өтті. Соның негізінде қатаң шаралар қабылданып, клуб қызметі уақытша тоқтатылған.

Реклама
Реклама

Алматы қалалық полиция департаменті Tengrinews.kz тілшісіне клубта кәмелетке толмағандарға бірнеше рет алкоголь берілгенін де нақтылады. Ведомствоның айтуынша, мекеме қызметкерлері келушілердің жасын тексермеген әрі ішімдік сату кезінде тиісті жауапкершілік танытпаған.

"Кәмелетке толмағандарды қоғамға жат әрекеттерге тарту - әсіресе түнгі ойын-сауық орындарында, заңды өрескел бұзу. Мұнда ескерту не формал көзқарас болмайды. Егер бизнес заң талаптарын елемей, балалардың қауіпсіздігін қатерге тіксе, ол жабылады", - деді Алмалы ауданы полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама