Алматыдағы жол апаты: жасөспірім мерт болды, жүргізуші ауруханада жатыр

Фото: видео скрині

26 қаңтарда түнде Алматыдағы Сүйінбай даңғылының бойында №13 әскери қалашық маңында жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

26 қаңтарда түнде Алматыдағы Сүйінбай даңғылының бойында №13 әскери қалашық маңында жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"BMW көлігінің жүргізушісі даңғыл бойымен оңтүстікке қарай келе жатқан. Шамасы жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Көлік сырғанап, ағашқа соғылды. Содан кейін инерциямен шам бағанасына соқтығысты", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

2004 жылы туған жүргізуші ауыр жарақат алған. Оны жедел жәрдем бригадасы 4-қалалық ауруханаға жеткізген. Ал 17 жастағы жолаушы алған жарақаты салдарынан оқиға болған жерде мерт болды.

Реклама
Реклама

Бұл деректі тергеумен Алматы полиция департаменті анықтау басқармасының қызметкерлері айналысып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама