Алматыдан 141 шақырым жерде жер сілкінді

Фото:depositphotos.com

Астана уақыты бойынша 13:35-те Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана уақыты бойынша 13:35-те Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматыдан 141 шақырым шығыста орналасқан. Сейсмологтардың дерегіне сәйкес, жерасты дүмпулері сезілмегендіктен, олардың есептік қарқындылығы туралы мәлімет жоқ.

16 шілдеде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасына жақын жерде жер сілкінісі болған. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматыдан 379 шақырым оңтүстік-батыста орналасқан. Қазақстан аумағында дүмпулер сезілмеген.

Реклама
Реклама

8 шілдеде Жамбыл облысында жер сілкінісі болды. Эпицентрі Тараздан 126 шақырым шығыста орналасқан. Әртүрлі жерлерде оның қарқындылығы 2-ден 6 балға дейін жеткен. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама