Алматыдан 35 шақырым жерде жер сілкінді

Айжан Калиева Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Сейсмологтар Алматыдан 35 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сейсмологтар Алматыдан 35 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, 7 тамыз күні сағат 19:03-те (Астана уақытымен) магнитудасы 3,1 жер асты дүмпулері тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматының оңтүстігіне қарай 35 шақырым жерде орналасқан.

Айта кетерлігі, Қырғызстандағы елді мекендерде бұл дүмпулер сезілмеген.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 5 тамыз кешке Шымкент пен Қазақстанның екі облысында жер сілкінісі болған еді. Оның ошағы Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 408 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 5,9 болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама