Алматыдан 364 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Скриншот Google картадан

2025 жылғы 19 қаңтарда Астана уақытымен сағат 11:30-да Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Алматы қаласынан 364 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 364 шақырым жерде орналасқан. Магнитудасы 4,4 құрады. Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеді",-делінген хабарламада.

Еске салайық, 2025 жылғы 17 қаңтарда Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 220 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелген болатын. Жетісу облысы Жаркент қаласында және Алматы облысы Шонжы ауылында жер сілкінісінің күші 2 баллды құрады

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама