Алматыдан Астанаға ұшқан Air Astana ұшағы техникалық себеппен қайта оралды

Айжан Калиева Корреспондент
Фото:depositphotos.com

12 тамыз күні Алматыдан Астанаға ұшқан Air Astana әуе компаниясының ұшағы біраз уақыттан кейін ұшу әуежайына қайта оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

12 тамыз күні Алматыдан Астанаға ұшқан Air Astana әуе компаниясының ұшағы біраз уақыттан кейін ұшу әуежайына қайта оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жолаушылардың айтуынша, болжам бойынша әуе кемесі борттың герметизациясы бұзылғандықтан кері бұрылған.

Air Astana болған жағдайды растады. Әуе компаниясы нақтылағандай, KC855 рейсін орындаған Airbus A321 ұшағы техникалық себепке байланысты ұшу әуежайына қайта оралған. Алматыға қону қалыпты режимде сағат 21:18-де өтті.

Реклама
Реклама

"Рейсті қайта жалғастыру үшін Астанада тұрған әуе кемесі пайдаланылады. Осыған байланысты KC856 Астана – Алматы рейсі сағат 02:00-де, ал KC855 Алматы – Астана рейсі сағат 04:45-те орындалады. Кешіккен рейстердің жолаушылары өзгерістер туралы SMS-хабарламалар арқылы құлағдар етілді, күту уақытына тамақ және сусын ұсынылды", – делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама