ПОДЕЛИТЬСЯ
09 наурыз 2024 | 14:41
"Алматылық сот-медициналық сарапшы әйелді ұрды": полицейлер видеоға қатысты пікір білдірді
Желіде Талдықорғанда ер адамның жұмыс орнында әйелді ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіде Талдықорғанда ер адамның жұмыс орнында әйелді ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеодағы "кейіпкері" алматылық сот-медициналық сарапшы екені мәлім болды: басылым тілшісі полицияға тиісті сауал жолдады.
"Алматы қаласының Сот сараптамасы институтының сарапшысына қатты ұқсайтын ер адам жұмыс орнында әйелді ұрып-соғып жатыр. Ішкі істер министрлігінен шара қолдануын сұраймыз", - делінген видеоның астындағы сипаттамада.
Жетісу облысының тәртіп сақшылары оқиға 9 қаңтарда Талдықорғанда болғанын айтты.
"Полиция бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға 9 қаңтарда Талдықорғандағы интернет-дүкендердің бірінде болғаны анықталды. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жария етілмейді", - делінген облыстық полиция департаментінің жауабында.
Видеода балағат сөз бар!
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также