Алматылықтарды жылуға қатысты жаңа тарифтер шошытты: мән-жайы

Алматылықтарды жылуға қатысты жаңа тарифтер шошытты: мән-жайы Нейрожелі арқылы жасалған сурет

Әлеуметтік желіде жылуға қатысты жаңа тарифтер туралы хабарламалар тарап, Алматы тұрғындары алаңдай бастады. Жұрт тарифтердің көтерілуі мүмкін екенін талқылап жатыр. Қызмет көрсетуші ұйым жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде жылуға қатысты жаңа тарифтер туралы хабарламалар тарап, Алматы тұрғындары алаңдай бастады. Жұрт тарифтердің көтерілуі мүмкін екенін талқылап жатыр. Қызмет көрсетуші ұйым жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өшірілген хабарлама

"Алматы жылу жүйесі" сайтына шынында да 1 сәуірден бастап жылыту мен ыстық су тарифтері 10 пайызға дейін өсетіні туралы ақпарат шыққан. Компания жаңа бағалар бойынша нақты сандарды да көрсеткен. Алайда біраз уақыттан кейін бұл деректер сайттан алып тасталды.

Реклама
Реклама

Қазір сайтта тек мына ақпарат қалды: макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау жөніндегі мораторийге байланысты тарифтердің өсуі 1 сәуірге дейін кейінге қалдырылған, бірақ нақты қанша пайыз өсетіні енді жарияланбайды.

Біз компанияның баспасөз қызметінен пікір сұрадық, олар жағдайды былай түсіндірді.

"1 сәуірге жарияланған тарифтерді уәкілетті орган қайта қарап, өзгертуі мүмкін. Бұл тарифтер әлі күшіне енбегендіктен, халық пен тұтынушыларды шатастырмас үшін олар туралы ақпарат уақытша сайттан алынды. Қазір жылумен қамту бойынша қолданыстағы тарифтер өзгерген жоқ", – деп түсіндірді ұйым.

Сондай-ақ, қазір болашақ тарифтердің нақты мөлшері әлі белгісіз екені нақтыланды:

"2026 жылғы 1 сәуірден бастап тарифтің нақты деңгейі әзірге белгісіз. Сондықтан тұтынушылар дұрыс түсініп, жаңылыспауы үшін жаңа тарифтер табиғи монополиялар туралы заңнамада көрсетілген тәртіппен кейінірек жарияланады".

Сонымен қатар, компания жаңа тарифтерді енгізу мерзімі ауыстырылғанын еске салды. Бастапқыда тарифтерді көтеру 2026 жылғы 1 қаңтардан жоспарланған, бірақ үкіметтің баға өсімін тежеу жоспарына байланысты бұл сәуірге шегерілген.

Төлем түбіртектеріне шағым

Сондай-ақ, осы күндері алматылықтар әлеуметтік желілерде коммуналдық қызмет төлемдері өсіп кеткенін талқылап жатыр.

"Алматы. Қаңтардағы коммуналдық төлем – 23 мың теңге еді. Бүгін ақпанды тексерсем, 45 мың теңге болыпты. Өсім 100 пайызға жуық. Бәрінде осылай ма?" – деп жазды оңтүстік астананың бір тұрғыны.

Tengrinews.kz тілшісі коммуналдық қызмет өкілдерінен жағдайға пікір білдіруін сұрады.

Жылу және ыстық су

"Алматы жылу жүйесі" ЖШС түбіртектегі соманың өсуі ҚҚС мөлшерлемесінің өзгеруімен тікелей байланысты екенін растады. Сонымен қатар, компания жылу мен ыстық су тарифтері көтерілмегенін атап өтті.

"2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС мөлшерлемесі 16 пайызға дейін өсті. Сондықтан осы күннен бастап жылумен қамту қызметі үшін төлемдер жаңа ҚҚС мөлшерлемесін ескере отырып есептеледі. Дәл осы себептен ақпан айындағы түбіртектердегі жалпы сома ұлғайды (қызмет ақысы әдетте бір ай кейін есептеліп, шығарылады)", – деп түсіндірді компания.

Компания 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезең бойынша есептеулер ақпан түбіртегінде "Қайта есептеу" деген жеке жолмен көрсетілгенін және ол бұрынғы ҚҚС мөлшерлемесі - 12 пайыз бойынша есептелгенін нақтылады.

Электр энергиясы

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ-ның "Энергосбыт" филиалы Алматы мен Алматы облысы тұтынушылары үшін 2026 жылғы 1 қаңтардан жаңа тарифтер енгізілгенін хабарлады. Тарифтің өзгеруі электр энергиясын желі арқылы тасымалдау құнының төмендеуімен (1 кВт·сағ үшін 13,99 теңгеден 13,65 теңгеге дейін) және филиалдың инвестициялық бағдарламасының аяқталуымен байланысты.

Сонымен қатар, компания 1 қаңтардан бастап базалық ҚҚС мөлшерлемесі 12 пайыздан 16 пайызға өскенін еске салды.

"Сәйкесінше, электр энергиясы үшін есеп айырысу ҚҚС-тың 16 пайыз мөлшерлені қолдана отырып жүргізіледі", – деп нақтылады филиал.

Компания тарифтік жоспарды таңдау тұтынушының өз еркінде екенін және ол өтініш негізінде жасалатынын еске салды.

Су

"Алматы Су" компаниясы суық сумен қамту және су бұру тарифтері өзгермейтінін, қазір қайта қарау жоспарда жоқ екенін хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама