ПОДЕЛИТЬСЯ
28 мамыр 2024 | 18:20
Алматының үш ауданында суық су болмайды
Алматыда сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алматы су"-дың хабарлауынша, 29 мамыр күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін су құбыры желілерінде технологиялық жабдықтарды ауыстыру бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Осыған байланысты келесі мекен-жайлар бойынша суық су беру уақытша шектеледі:
Бостандық ауданы
- Абай даңғылы – Манас-Тимирязев – Жандосов – Үлкен Алматы өзені – Тимирязев – Жароков – Өтепов – Гагарин даңғылы, "Атакент" көрме кешенінің аумағы;
Алмалы ауданы
- Абай даңғылы – Әуезов – Жамбыл-Манас көшелеріндегі алаңдарда; Абай-Әуезов – Төле би – Розыбакиев; Абай – Розыбакиев – Құлымбетов – Тұрғыт Озал шаршы көшелерінде;
Әуезов ауданы
- Абай даңғылы – Щепетков – Үлкен Алматы өзені – Сәтбаев – Өтеген батыр 112а, 114 тұрғын үйлер;
"Бекіту жабдықтары мен басқа да технологиялық жабдықтарды ауыстыру жөніндегі жұмыстарды уақытылы орындау, осы аумақтардағы тұтынушыларды сапалы және тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік нысандарға автоцистерналармен су жеткізу жүзеге асырылады. Уақытша келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. "Алматы Су" МКК диспетчерлік қызметі: 274-66-66", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также