12 қазан 2021 | 09:24

Алты қазақстандық аңызға айналған Бостон марафонында жүгірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
© Reuters

Қазақстанның алты азаматы аңызға айналған, әлемдегі ең көне, ең беделді марафондардың бірі саналатын Бостон марафонында жүгірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның алты азаматы аңызға айналған, әлемдегі ең көне, ең беделді марафондардың бірі саналатын Бостон марафонында жүгірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

125-ші Бостон марафоны 11 қазанда өтті. Оған 20 мыңға жуық адам қатысты.

42 шақырым 195 метр қашықтықты бағындырған қазақстандықтар арасында "Алматы марафонының" директоры Салтанат Қазыбаева, Қазақстанның АҚШ-тағы вице-консулы Ерлан Өтегенов, Асқар Есеркенов, Әлия Айтқазина, Данияр Өтеулин мен Бағдат Ахметов бар.

Реклама
Реклама

Бостон марафонына сертификатталған марафондардан іріктеуден өту арқылы (әр жас санаты бойынша іріктеу уақыты бар) немесе қайырымдылық арқылы (қайырымдылық 7-9 мың доллардан басталады) қатысуға болады.

Бостон марафоны дәстүрлі түрде сәуір айының үшінші дүйсенбісінде мемлекеттік мереке - Патриоттар күнінде өтеді. 2020 жылы пандемияға байланысты тоқтатылып, биыл қазан айына ауыстырылды.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная