“Аманбыз“: Мадуро мен оның әйелі АҚШ түрмесінен “жазба“ жариялады

“Аманбыз“: Мадуро мен оның әйелі АҚШ түрмесінен “жазба“ жариялады Khaama Press

Венесуэла президенті Николас Мадуро әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің және жұбайының атынан үндеу жариялады. Қазір олар Бруклиндегі тергеу изоляторында қамауда отыр. Онда олар есірткі саудасы мен өзге де қылмыстарға қатысты айыптар бойынша сотты күтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Венесуэла президенті Николас Мадуро әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің және жұбайының атынан үндеу жариялады. Қазір олар Бруклиндегі тергеу изоляторында қамауда отыр. Онда олар есірткі саудасы мен өзге де қылмыстарға қатысты айыптар бойынша сотты күтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарияланған жазбада Мадуро мен оның жұбайы Венесуэланың ардақты халқына және әлемдегі барлық ізгі ниетті жанға "осындай күш, осындай батылдық және осындай ынтымақ үшін ризашылық білдіретіні" айтылған.

"Бізге сіздердің хаттарыңыз, жолдауларыңыз бен дұғаларыңыз жетті. Әрбір мейірімге толы сөз, әрбір қамқорлық, әрбір қолдау жанымызға қуат беріп, рухымызды нығайтады. Біз аманбыз, жігерліміз, сабырлымыз және үнемі дұғадамыз", – делінген жазбада.

Реклама
Реклама

Венесуэла басшысы мен оның жұбайының атынан жазылған бұл үндеуде халық "елде бейбітшілікті, ұлттық бірлікті, татулықты, кешірімді және қарым-қатынастың дұрысталып одан әрі нығайтуға" шақырылған.

АҚШ түрмесінде отырған Венесуэла президенті Николас Мадуро бұған дейін де 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай ел тұрғындарына ерекше жолдау жасаған болатын. Мадуроның бұл үндеуін әлеуметтік желіде оның ұлы жариялаған. Онда Венесуэла президенті отандастарын "тауды да қозғай алатын" сенімнен айырылмауға шақырып, ел барлық қиындықты еңсеретінін айтқан.

Еске салайық, 3 қаңтарда АҚШ Николас Мадуроны ұстау бойынша арнайы операция жүргізді. Елден оның жұбайы Силия Флорес те әкетілген.

5 қаңтарда олар Нью-Йорктегі федералдық сот алдына есірткі саудасына қатысы бар деген айыппен жеткізілді. Мадуро мен жұбайы өз кінәсін мойындаған жоқ. Қазір Венесуэланы бұрын вице-президент қызметін атқарған уәкілетті президент Делси Родригес басқарып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама