Амантай қажы екі жылға сотталуы мүмкін

Айжан Калиева Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz

Алматыда 83 жастағы қоғам қайраткері Амантай қажы әйелді баспалдақтан итеріп жіберген оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалды. Ақсақал екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін,, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шілдеде әлеуметтік желілерде 83 жастағы Амантай қажы әйелді баспалдақтан итеріп жібергені туралы видео тарады.

Алматы Полиция департаменті Tengrinews.kz-ке берген жауабында осы оқиғаға қатысты ҚК-нің 107-бабы "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Реклама
Реклама

Бұл бап бойынша мың АЕК-ке дейін (2025 жылы 3 932 теңге - 3 932 000 теңге) айыппұл не түзеу жұмыстары, не қоғамдық жұмыстарға 600 сағатқа дейін тарту не екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

"Жарақаттың ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу нәтижесінде шешім қабылданады", - деп жазылған Алматы ПД жауабында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама