28 қаңтар 2024 | 14:20

Антикор қазақстандықтар сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін қанша сыйақы алғанын айтты

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Антикор қазақстандықтар сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін қанша сыйақы алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Антикор қазақстандықтар сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін қанша сыйақы алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің берген жауабында ақпарат шындыққа сәйкес келсе немесе жемқорлықты анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге көмектессе, сыйақы берілетіні айтылған.

Реклама
Реклама

Былтыр 62 адамға жалпы сомасы 19,8 миллион теңге сыйақы берілнен. Сыйақының ең жоғары сомасы - 4 миллион теңге.

Агенттіктің мәліметінше, 2023 жылдың 11 айында Қазақстанда мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті немесе оларға теңестірілген, сондай-ақ жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын 505 адам сотталған.

Шенеуніктер көбінесе мына фактілер бойынша істі болған:

пара алу – 178 факті; пара беру – 42 факті; парақорлыққа делдал болу – 14 факті; ұрлық – 187 факті; алаяқтық – 139 факті; сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және жымқыру – 48 факті; өкілетін асыра пайдалану – 49 факті.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары әшкереленген шенеуніктердің жартысына жуығы әртүрлі деңгейдегі басшы екені белгілі болды.

2023 жылы сыбайлас жемқорлық бойынша екі экс-министр, үш бұрынғы вице-министр, ауыл, аудан, қала облыстың 16 әкімі мен олардың орынбасарлары, 212 жоғары лауазымды шенеунік сотталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная