ПОДЕЛИТЬСЯ
05 тамыз 2021 | 09:03
Антирекорд: коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 158 адам қайтыс болды
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 158 адам қайтыс болды. Осылайша елде антирекорд тіркеліп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұның алдында 149 адам қайтыс болғаны хабарланған еді.

ВАК мәліметінше, 5 тамызда коронавирус расталған 125 адам және коронавирус тесті теріс нәтиже көрсеткен 33 адам пневмониядан қайтыс болды.
5 тамыздағы мәлімет бойынша, 107 600 адам коронавирус инфекциясынан (104 377 КВИ+ және 3 223 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
- 29 623 пациент стационарда,
- 77 977 науқас амбулаториялық деңгейде ем алып жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 1 832 адамның жағдайы ауыр,
- 417 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 202 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также