Аптап ыстық, найзағай, бұршақ: 11 тамызда ауа райы қандай болады?

Айжан Калиева Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық күтіледі. Тек батыс өңірлерінде найзағай ойнап, екпінді жел соғып, кей жерлерде бұршақ жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық күтіледі. Тек батыс өңірлерінде найзағай ойнап, екпінді жел соғып, кей жерлерде бұршақ жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана – түнде +11...+13°С, ауыспалы бұлт, жауын-шашын жоқ. Жел түнде оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с, күндіз 5-10 м/с. Күндіз +26...+28°С, ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз.

Алматы – түнде +20...+22°С, ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 3-8 м/с. Күндіз +34...+36°С, ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз.

Реклама
Реклама

Шымкент – түнде +21...+23°С, ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8-13 м/с. Күндіз +37...+39°С, ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз.

Абай облысы – түнде +8...+13°С, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Күндіз +23...+28°С, жауын-шашынсыз. Семей – түнде +8...+10°С, ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Күндіз +25...+27°С, ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз.

Алматы облысы – түнде +18...+23°С, таулы аймақтарда +8...+13°С, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз солтүстік пен шығыста 15-20 м/с. Күндіз +32...+37°С, солтүстігінде, батысы мен орталығында +41°С, тауда +22...+27°С, жауын-шашынсыз. Қонаев – түнде +18...+20°С, күндіз +35...+37°С, ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз.

Ақмола облысы – түнде +10...+15°С, солтүстік-шығыста +6°С, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с, күндіз батыс пен оңтүстікте 15-20 м/с. Күндіз +23...+28°С, батысы мен оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ. Көкшетау – түнде +11...+13°С, күндіз +24...+26°С, ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз.

Ақтөбе облысы – түнде +12...+17°С, оңтүстікте +20°С, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с, батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз +22...+27°С, оңтүстікте +31°С, кей жерлерде бұршақ, екпінді жел. Ақтөбе – түнде +14...+16°С, күндіз +24...+26°С, ауыспалы бұлт, кейде жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел.

Атырау облысы – түнде +17...+22°С, батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с, шығысында 15-20 м/с. Күндіз +28...+33°С, батысы мен оңтүстігінде найзағай, жаңбыр. Атырау – түнде +20...+22°С, таңертең жаңбыр, найзағай, күндіз +30...+32°С, жауын-шашынсыз.

ШҚО – түнде +8...+13°С, шығысында +5°С, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Күндіз +20...+25°С, шығысында +17°С. Өскемен – түнде +8...+10°С, күндіз +23...+25°С, жауын-шашынсыз.

Жамбыл облысы – түнде +20...+25°С, тауда +15°С, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с, кей жерде 15-20 м/с. Күндіз +35...+40°С, тауда +32°С. Тараз – түнде +20...+22°С, күндіз +36...+38°С, жауын-шашынсыз.

Жетісу облысы – түнде +12...+17°С, шығысында +21°С, тауда +9°С. Жел 9-14 м/с, шығысында 15-20 м/с. Күндіз +32...+37°С, тауда +27°С. Талдықорған – түнде +12...+14°С, күндіз +32...+34°С, жауын-шашынсыз.

БҚО – түнде +12...+17°С, оңтүстігінде +20°С, батысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай. Күндіз +25...+30°С, оңтүстігінде +33°С. Орал – түнде +13...+15°С, жаңбыр, найзағай, күндіз +27...+29°С, жауын-шашынсыз.

Қарағанды облысы – түнде +7...+12°С, оңтүстігінде +17...+22°С, жауын-шашынсыз. Кей жерде тұман. Күндіз +22...+27°С, батысында +30°С. Қарағанды – түнде +10...+12°С, күндіз +25...+27°С, жауын-шашынсыз.

Қостанай облысы – түнде +11...+16°С, оңтүстігінде +20°С, батысы, солтүстігі, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай. Кей жерде қатты жаңбыр, бұршақ. Күндіз +21...+26°С, оңтүстігінде +29°С. Қостанай – түнде +13...+15°С, күндіз +22...+24°С, жаңбыр, найзағай.

Қызылорда облысы – түнде +21...+26°С, солтүстігінде +18°С, кей жерде жаңбыр, найзағай. Жел 9-14 м/с, күндіз 15-20, орталығында 25 м/с. Күндіз +35...+40°С, солтүстігінде +25...+30°С. Кей жерде бұршақ, шаңды дауыл. Қызылорда – түнде +22...+24°С, күндіз +38...+40°С, жауын-шашынсыз, шаңды дауыл.

Маңғыстау облысы – түнде +21...+26°С, батысы мен орталығында жаңбыр, найзағай. Күндіз +32...+37°С, батысында +29°С. Ақтау – түнде +21...+23°С, жаңбыр, найзағай, күндіз +29...+31°С, жауын-шашынсыз.

Павлодар облысы – түнде +9...+14°С, кей жерде тұман. Күндіз +23...+28°С, жауын-шашынсыз. Павлодар – түнде +11...+13°С, күндіз +26...+28°С.

СҚО – түнде +9...+14°С, кей жерде тұман. Күндіз +22...+27°С, оңтүстік-батысында аздаған жаңбыр. Петропавл – түнде +11...+13°С, күндіз +24...+26°С, жауын-шашынсыз.

Түркістан облысы – түнде +21...+26°С, тауда +18°С. Күндіз +35...+40°С, тауда +32°С. Түркістан – түнде +22...+24°С, күндіз +38...+40°С, жауын-шашынсыз.

Ұлытау облысы – түнде +16...+21°С, шығысында +13°С. Күндіз +31...+36°С, солтүстігінде +27°С, батысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай. Жезқазған – түнде +16...+18°С, күндіз +31...+33°С, жауын-шашынсыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама