29 қазан 2023 13:58

"АрселорМиттал Теміртау" меншік иесінің ауысуы қызметкерлерге қалай әсер етеді?

Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"АрселорМиттал Теміртау" меншік иесінің ауысуы қызметкерлер алдындағы міндеттемелерге еш әсер етпейді. Төлем шарттары, әлеуметтік кепілдіктер сақталады. Шахталарда бірінші кезекте еңбек қауіпсіздігін арттыруға назар аударылады. Бұл туралы Вадим Басин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"АрселорМиттал Теміртау" меншік иесінің ауысуы қызметкерлер алдындағы міндеттемелерге еш әсер етпейді. Төлем шарттары, әлеуметтік кепілдіктер сақталады. Шахталарда бірінші кезекте еңбек қауіпсіздігін арттыруға назар аударылады. Бұл туралы Вадим Басин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше Мемлекет басшысы қаза тапқан және зардап шеккен кеншілердің туыстарымен кездесуде компанияның проблемалық активтеріне қатысты инвестормен қарым-қатынас тоқтатылатынын мәлімдеді. Бұл ретте бір жайт ерекше атап өтілді, және де компанияның бүкіл ұжымына бірден айта кетілгені: жұмыс шарттарында, төлемдерде, әлеуметтік кепілдіктерде ешқандай өзгерістер болмайды. Оларды жақсарту тұрғысынан ғана қайта қаралатын жағдайлар қалады. Бұл компанияның әрі қарай жұмыс істеуі және әлеуметтік жауапты болуы үшін қажетті шарт. Ұжымның бірде-бір мүшесі жұмыстан шығарылмайды, ұжымның бірде-бір мүшесінің құқығы төмендетілмейді", - деді Вадим Басин.

Вадим Басиннің айтуынша, шахталарда бірінші кезекте еңбек қауіпсіздігін арттырумен және негізгі қорларды жаңартумен айналысады.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Қаза тапқандар саны 36 адамға жетті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды ​​облысындағы кеншілердің қазасына байланысты көңіл айтып, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Кейін үкімет "АрселорМиттал Теміртауды" Қазақстанның пайдасына беру бойынша мәміленің аяқталғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram