06 тамыз 2023 | 12:48

Арыста екі адам жаңадан салынып жатқан үйдің аумағында төрт тұрғынды атып кеткен

Фото: Tengrinews.kz

Полицейлер Түркістан облысында ауыр қылмыс жасады деген күдіктілерді ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Полицейлер Түркістан облысында ауыр қылмыс жасады деген күдіктілерді ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

5 тамызда екі бейтаныс адам Арыста салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, белгісіз қарудан оқ атып, қашып кеткен. Үйдің иесі және оған құрылыста көмектескен танысы алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Сондай-ақ құрылысқа көмектескен екі ер адам жарақат алды, олар ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. "Ұстап алу" жоспары қабылданды. Күдіктілердің жеке басын анықтау мен оларды ұстау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізіліп, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Реклама
Реклама

Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная