ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қаңтар 2023 | 09:05
Арыстанбек Мұхамедиұлы ісі: Ұлттық музей директорының бұрынғы орынбасары ұсталды
Ұлттық музей директорының бұрынғы орынбасары қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық музей директорының бұрынғы орынбасары қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Республика Ұлттық музейінің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына және бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша басқа да тұлғаларға қатысты тергеудің мән-жайын айтты.
"Жүргізіліп жатқан тергеу аясында "ҚР Ұлттық музейі" РМҚК директорының бұрынғы орынбасары А.Ш. Нұразхан ұсталды, ол А.Мұхамедиұлымен және басқалармен сөз байласып, "әлем мұражайлары бойынша Алтын адамның шеруі" халықаралық көрмесінің жобасын іске асыру кезінде 221 миллион теңге сомасында сеніп тапсырылған бюджет қаражатын жымқырған", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Ресми мәліметтер бойынша, Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен Алмаз Нұразхан екі ай мерзімге қамауға алынды.
"Тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі өкілдері.
Еске салайық, 17 қаңтарда Арыстанбек Мұхамедиұлының қамау мерзімі тағы бір айға ұзарған болатын. Ол 2022 жылғы наурыздан бері қамауда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оған бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағып отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также