29 қазан 2023 12:06

"Ашық жану ошақтары жоқ" - Төтенше жағдайлар министрлігі Костенко шахтасындағы жағдай туралы

Фото: Tengrinews.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі Костенко шахтасындағы іздеу жұмыстарына кедергі келтіріп жатқан жайттарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төтенше жағдайлар министрлігі Костенко шахтасындағы іздеу жұмыстарына кедергі келтіріп жатқан жайттарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның хабарлауынша, Костенко шахтасында авариялық-құтқару жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Тау-кен құтқару бөлімшелері барлық қажетті іс-шараларды ауысыммен жасап жатыр.

"Жұмыстар тәулік бойы екі өндіру учаскесінде жүргізіліп жатыр. Тау-кен құтқарушыларының күштері кеншілерді іздеуге шоғырландырылған. Электр энергиясының жетіспеушілігі, тау-кен жұмыстарының көптігі, жеке су басқан қазбаларға қолжетімділіктің болмауы, көптеген бұзылған механизм мен құрылыстың болуы қиындық туғызып жатыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, қаза тапқандардың денелерін жер бетіне шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Апат орнында ашық жану ошақтары жоқ.

Жедел желі телефондары үздіксіз жұмыс істеп тұр, барлығы 400-ге жуық қоңырау келіп түсті. 20 психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram