Астана маңында жүк көлігі қарсы жолаққа шығып кетті: бір адам қаза тапты

Астана маңында жүк көлігі қарсы жолаққа шығып кетті: бір адам қаза тапты Фото ©️ Tengrinews.kz

Астана маңында Көкшетауға баратын тасжолда жүк көлігі мен көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана маңында Көкшетауға баратын тасжолда жүк көлігі мен көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицияның мәліметінше, жол апаты Астана – Көкшетау бағытындағы айналма жолда болған.

"DAF маркалы жүк көлігінің жүргізушісі жолдағы кедергіден қашпақ болып, рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан көлікпен соқтығысып, оның жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді қалалық полиция өкілдері.

Реклама
Реклама

Қазір тәртіп сақшылары жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Бір күн бұрын Шымкентте полицей қызметкері әйелді қағып, ол оқиға орнында қаза тапқан еді. Қалалық полицияның мәліметінше, әйел ағаштардың арасынан шығып, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама